Математикадан ашық сабақ 4 сынып

Математика

Уақыты:

Сыныбы: 4

Мұғалім: Торсанова Р.Қ

Сабақтың атауы

Қозғалысқа берілген есептерді шығару

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы   мақсаттар

 Қозғалысқа берілген есептерді шығаруға, есепке сызба

құруға дағдыландыру; есептеу дағдыларын жетілдіру. Жақындау

жылдамдығы деген түсінікті бекіту.

Оқыту 

нәтижесі

Қашықтықты табуға берілген есептерді шығара біледі, есепке сызба

құруға дағдыланады; есептеу дағдыларын жетілдіру. Жақындау

жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

СТО, АКТ, Диалог, бағалау,

Ресурстар

Кесте, тақырыптық дидактикалық материалдар, үлестірме материалдар

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтас тық атмосферасы

3 минут

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам бастаймыз.

Оқушылар бір- біріне сәттілік пен бестік баға тілейді.

Қызығушылықты ояту

7 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

«Иә-жоқ» деп аталатын математикалық диктант.

*900х5=4500

*2800:70=4

*1300 бен 600 сандарының бөліндісі 33-ке тең.

*260 пен 520 сандарының қосындысы 780-ге тең.

*2000-ды 40 есе арттырсақ, 1500саны шығады.

*900-ді 9-ке арттырсақ 909 шығады.

*1х30 000000 тең болады 30000000.

*Санды 1-ге бөлсек, дәл сондай сан шығады.

*10 000-ді 0-ге көбейткенде 10000 шығады.

Мағынаны тану

20 минут

 

 

 

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

v – жылдамдық              t – уақыт             s – қашықтық     S = v ∙ t

Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.

--Суретте не бейнеленген? --Машиналар қандай әрекет орындауда?

Описание: hello_html_m3bd0683c.jpg         Описание: hello_html_68bee4c8.jpg

Сурет бойынша мына сұрақтарға жауап бер:

-- Машиналардың қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады?

-- Олардың арақашықтығының өзгерісі туралы ше?

--Жылдамдықтары бірдей болғанда, бірдей уақыт аралығында жүрген жолдары туралы ше? -

--Жылдамдықтары әр түрлі болса ше?

--Ал жолда болған уақыты туралы ше?

--Кездескеннен кейін қозғалыстарын әрі қарай жалғастырса, қандай өзгеріс болады?

№2 Есепті шығарыңыз:

Екі ауылдан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 310 км, ал екіншісі 275 км жол жүрді. Екі ауылдың арақашықтығын тап.

S = S1+S2    S1 машина-- 310 км

S =310+275= 585 км ? км

S2 машина-- 275 км

Жауабы: S = 585 км

№3 Есепті шығарыңыз:

Екі ауылдан бір мезгілде екі салт атты бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты.Олардың біреуі кездескенге дейін 27 км, ал екіншісі одан 7 км артық жүрді. Екі ауылдың арақашықтығы неше километр?

Описание: hello_html_18a51cec.jpg


I--27км 27+(27+7)=27+ 34=61 км

II--?,7км > ? км

Жауабы: S=61 км

№4 Өздік жұмыс.

V t S

60км/сағ 3сағ ?км S= 60 ۰ 3= 180 км

Х км/сағ 5сағ ?км S= хкм/сағ ۰5 с

80 км/сағ Хсағ ?км S=80км/сағ۰Хсағ

№5 Ауызшап орындаңыз.

№6 Өзіндік жұмыс. Бөлуді орындау,тексеру.

5576:68=                                       1254: 38=                      223 872 : 32 =

11 745 : 27=

№7 Амалдарды орындау.

2м6дм۰43=                    7м7дм۰98=                          45м72см:36=

5км608м۰58=                5м7дм۰98=                         74ц25кг:99=

Сергіту сәті

2 минут

Бағдаршам ойыны

Оқушылар серігіп алады

Ой толғаныс

минут        

10минут

Шығармашылық тапсырма.

Описание: https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/137e/000f7ccd-3183e6a9/img11.jpg

 

Суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?

Үшбұрыш - 5, төртбұрыш --9

Үй тапсырмасы

5 минут

№5

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Оқыту үшін бағалау, ОБ

 

Кері байланыс

1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің? 
2.Қай тапсырма қиынға соқты? 
3.Қай тапсырма оңай болды?

Балалар өз ойларын стикерге жазады